Зообақ келушілерінің өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері.

Құрметті зообақ көрермендері!
Зообақ аумағында мемлекеттік және ғылыми құндылығы жоғары жабайы жан-жануарлардың көптеген түрлері бар. Аңдардың көбісі көрермендер үшін қауіпті. Жан-жануарлардың тыныштығын сақтау мен көрермендерге келеңсіз жағдай тудырмас үшін, зообақ аумағында қатаң тиым салынады:
   Жан-жануарларды азықтандыруға, ызаландыруға және үркітуге;
   Жан-жануарлар тұрған жайға түрлі заттарды, тамақ қалдықтарын, балалар ойыншықтарын және т.б. заттарды лақтыруға;
   Барьерден өтуге немесе асып түсуге, аңдар тұратын қоршауға және құрылыс жүріп жатқан аймаққа кіруге;
   Жан-жануарлар тұратын қоршаудан және тордан қол-аяқты кіргізуге, сонымен қатар заттарды (қолшатыр, сөмке, таяқ және т.б.) жан-жануарларға қарай созуға;
   Барьерге, шектеулі орындарға, жан-жануарлар тұрған жердің айналасына балаларды отырғызуға;
   Балаларды, әсіресе кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға және зообақ аумағында орналасқан жан-жануарларды өздігінен аралауға рұқсат беруге;
   Өздерімен бірге үй жануарларын алып келуге;
   Жан-жануарларды күтіп-бағушы қызметкерлерді әңгімеге тартып, жұмысынан алаңдатуға. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды әкімшілікке, демалыс күндері кезекші қою арқылы алуыңызға болады.
   Зообақ аумағында музыкалық аспапты ойнатуға, ән салуға, дыбыс ұлғайтқыш құралдарды қолдануға, спирттік сусындар ішуге, рұқсат етілмеген жерге темекі тартуға;
   Зообақ аумағында өздеріңіз және балаларыңыздың қауіпсіздігін сақтау үшін шайтан арбамен (велосипед) және гироскутермен кіруге қатаң тиым салынады.
   Газонды басуға, демалуға, отырғызған жасыл бұталарды сындыруға, гүлдерді және ағаштардың жемістерін, жидек бұтақтарын жұлуға;
   Бау-бақ құрал саймандарын өздігінен рұқсатсыз алуға және орын ауыстыруға;
   Кезкелген кәсіптік фототүсірілімдер мен видеотүсірілімдерді зообақ әкімшілігінің рұқсатынсыз түсіруге;
Түсінбестік туындаған жағдайда, жазатайым жағдай туындағанда, бала жоғалғанда, кезекшіге немесе зообақ әкімшілігіне хабарласу керек:
Осы ережелерді бұзуға жол берген жеке тұлға әкімшілік және қоғамдық жауапқа тартылады.

Зообақ әкімшілігі