Зообаққа 35 жыл

Шымкент зообағына 35 жыл толды. Қала күні мерекесі қарсаңында 1980 жылы ашылған зообақ қызметкерлері де төл мерекелерін атап өтті.

Атаулы датаға орай шаћар басшысы хайуанаттар бағының ұжымына әмбебеп тракторды сыйға тартып, осыдан бір ай бұрын төлдеген су сиырын көрді. Қала әкімі жас бегемотқа «Глория»- деген ат қойды.

Бүгінде Шымкент зообағындаєы аң-құстың  212-түрі, жалпы саны 2204 хайуанат бар. Бұдан былай бұл демалыс орнына қаланың құрметті азаматтары мен журналистер қауымы тегін кіретін болады.