Новосібір қаласының зообағынан көгілдір түсті қой мен борсықтар келді. Новосібір қаласынан тікелей Шымкент қаласына дейін арнайы ұшақ болмағандықтан Алматыға дейін ұшақпен келіп сол жақтан Шымкент зообағына алып келдік.
Көгілдір түсті қой- (Pseudois nayaur) Индия, Иран, Тибет, Гималай тауларында мекен етеді. Тау текесі мен Арқардың арасынан пайда болған түр.