Қоңыр аю ( Ursus arctos )

Жыртқыштар отряды, аю тұқымдасына жататын қоңыр аюдың бір түр тармағы. Тянь-Шань мен Памир тауларында таралған. Қазір ӨгемПіскемҚоржынтауКетпенТаласІлеКүнгейТеріскейЖетісу (Жоңғар) Алатауларында кездеседі. Тянь-Шань қоңыр аюының аталығы (матай) аналығынан (кірекей) ірі болады. Аталығының дене ұзындығы 2,55 м, бойының биіктігі 1,35 м, салмағы 600 кг-дай. Негізінен құрлықта тіршілік етеді, суда жақсы жүзеді, ағашқа да өрмелей алады. Үш жаста жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы өздері жасаған апанында екі жылда бір рет балалайды. Мамыр – маусымда ұйығып, қаңтар – ақпан айларында аналығы екі қонжық табады. Оларды төрт айдай емізеді. Қонжықтары аналарымен бір жылдай бірге жүреді. Қазанның ортасынан сәуірдің ортасына дейін қысқы ұйқыға кетеді. Қалған уақытта белсенді тіршілік етеді. Негізінен шөптесін өсімдіктермен, сирек жәндіктермен, майда сүтқоректілермен қоректенеді, кейде өлекселерді де жейді. Қонжықтары үшін қасқырлар мен барыстар өте қауіпті. Саны жылдан-жылға азаюда. Балтық бойы елдерінде оларды аулауға тыйым салынған. Қолға тез үйреніп, цирктерде түрлі ойындар көрсетуге пайдаланылады. Дүние жүзінің көптеген елдерінде зоол. парктерде ұсталып, жақсы көбейеді. Қазақстанда Алматы хайуанаттар паркінде Тянь-Шань қоңыр аюының 3 басы бар. Ақсу-Жабағылы,Алматы қорықтарында, Лепсі, Тоқты қорықшаларында қорғалады. Саны өте аз, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

СИТЕС-шің 1-ші қосымшасына енгізілген. Ақсу-Жабағылы мен Алматы қорықтарында, Іле-Алатау, Сайрам-Өгем ұлттық парктерінде және бірқатар қорықшаларда қорғалады.