Хайуанаттар бағындағы ең ірі жануар

Сусиыр

Біздің хайуанаттар бағында 2004 жылы Тұрсын деген лақап аты бар сусиыр–2004 жылы дүниеге келген.

Қарапайым сусиыр, бір шетінен гиппопотам деп аталатын жартылай суда жүретін ірі сүтқоректі. Құрлықта өмір сүретін жануарлар ішінде сусиыр пілден кейінгі ең ірісі саналады. Оның аталығы орташа есеппен 1600 кг., ал аналығы 1400 кг. тартады. Ұзындығы 3 метр.

Сусиыр әдетте шөпқоректілер қатарына жатады. Оның негізгі қорегі-су жағасындағы  және жердің бетінде өсетін шөптер. Көбіне сусиырлар құрлықта жайылады. Ол бір күнде 70 кг. тағам тұтынады. Орташа алғанда 40 кг. шөп жесе де тояды.