Гималайлық немесе ақтөсті аю (Ursus thibetanus) көлемі қоңыр аюдан 2 есеге жуық кіші, одан сымбат дене құрылымымен, жіңішке үшкір тұмсығымен, үлкен домалақ құлақтарымен, алдыңғы аяқтарының артқы аяқтарынан күштілігімен ерекшеленеді. Аталықтарының дене ұзындығы 150-170 см, шоқтық биіктігі 80 см жуық, салмағы 120-140 кг. Аналықтары көзге түсерліктей кіші. Үлбірі қысқа, жылтыр, жібек тәрізді, әдетте қара, бірақ қоңыр немесе жирен түсті дарақтары кездеседі. Кеудесінде әр қашан ақ, кейде сарғыш реңді V түрлі дақ болады. Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Корея, Жапония және Ресейді мекендейді. Өсімдік қоректі, бірақ жемтікті жиіркенбей жейді. Аналықтары 300-400 г салмақта болатын 1-2 қонжықтан туады. Олар баяу дамиды, бір айлығының өзінде тіпті дәрменсіз келеді. Жас аңдардың ұрықтық жетілуі туғаннан 3 жылында байқалады.
Біздің зообағымызда Гималайлық ақтөсті аюы мекендейді. Лақап аты Балу. Балу сіздерді зообағымызда күтеді!