Ресейден Шымкент зообағына Австралиялық-кенгуру Беннета әкелінді

Біздің зообағымызға 10 шілдеде Ресейден алып келінген тағы да бір жануармен толықты.

  • Ол Австралиялық-кенгуру Беннета. Бұл жануар жайында қызықты мәліметтер өте көп.Олар суды аз ішеді, бірнеше ай сусыз жүре алады. Жеңіл ұйықтайды.
  • Ересек кенгурулар 60 км/сағ жылдамдықпен жүгіреді, биіктігі 3 метрге дейінгі тосқауылдан секіре алады.
  • Тағы бір ерекшелігі оның көбейуінде.
  • Кенгурудың аналығында баласы өсіп жетілгенше орналасатын қалташасы болады. 4 аптадан соң туылған құрттан сәл үлкенірек,дегенмен ағзалары дамыған эмбрион анасының сөмкесіне еніп, 6 ай бойы қапшықта дамиды. Анасының емшегі кіндік бауының орнын басады. Жетілген кенгуру табиғатта тіршілігін жалғастырады.
  • Кенгуру іштегі баласы жетілгенше келесі ұрықтанған ұрығын біраз уақытқа жетілуін тоқтата алады.

Осындай ерекше жануарды біздің зообағымыздан тамашалай аласыздар!