Тасбақалар өз атауын бастың бүйірлерінде орналасқан қызғылт сары немесе қызыл «құлақ» тәрізді дақтарынан алынған.Қызыл құлақты тасбақалардың көру және иіс сезу қабілеті жақсы дамыған.Олар тамақтан кейін күн сәулесінің астында отырғанды ұнатады.
Тасбақалар ұзақ өмір сүреді.Табиғатта шамамен 20 жыл, ал үй жағдайында 30-35 жылға жуық, кейде 40 жылға дейін өмір сүре алады.
Бұл сүйкімді тіршілік иелерінің ұзақ өмір сүруінің себебі-метаболизм.Сонымен қатар, иммундық жүйенің тиімді жұмысының арқасында олар әртүрлі инфекцияларға төзімді.