Әлемдегі көлемі жағынан үшінші орын алатын өкше темірлі тасбақа.
Оның сауытының максималды ұзындығы 80 см-ге жетеді, ал салмағы 100 кг-ға дейін. Біздің зоосаябағымызға 2019 жылдан бастап өкшетемірлы тасбақалар немесе сулькаттар өмір сүріп келеді.
Бұл алыптар өте құнарлы және өсімдік тағамдарының жеткілікті мөлшерін жейді.Олар шөптесін өсімдіктерді, салат жапырақтарын,шырынды көкөністерді, витаминдер мен микроэлементтерді, әсіресе кальцийді қосып жегенді, әрі бақша дақылдарын,қауындарды жақсы көреді.
Ыстық және жылы күндерде біздің тасбақалар жүзуді білмейтініне қарамастан, бассейнде серігуді жақсы көреді, ал қамқор қызметкерлер тасбақаларды үнемі жуып, шомылдырып тұрады. Жазда, күннің ең ыстық уақытында, сулькаттар күн ыстығынан қашып, бөлмеде жасырынады, ал таңертең және кешкі уақытта олар ашық жерлерде жайылуға шығады. Қыста тасбақалар және олардың көршілері, кесірткелер мен қаймандар, жылытылатын кең қоршауларда өздерін керемет сезінеді.