Пржеваль жылқысы Қазақстанның ғана емес, дүние жүзінің Қызыл кітабына енгізілген жануар. Азия құрлығындағы жабайы жылқылардың ішіндегі ең сирек кездесетін түрі, табиғатта жойылған санатына жататын жануар. Денесінің ұзындығы 230 см, шоқтығына дейін биіктігі 130 см, салмағы 230-350 кг-дай. Биелері айғырларынан кіші. Денесін бозғылт қызыл сары түк басқан, жон арқасында ұзына бойы созылған жіңішке түкті белдік тәрізді қарақошқыл жолағы болады. Пржеваль жылқысын Н.М. Пржевальскийдің 1878 ж. Орталық Азияға жасаған саяхаты кезінде Қытайдағы Жоңғарияның шөлді аймағынан кездестірген. 1968 жылдан кейін оны табиғатта ешкім көрмеген. Осы жануарды Н.М. Пржевальскийдің құрметіне “Пржевальский жылқысы” деп атаған. Пржеваль жылқысы – өте қағылез сақ жануар. 10 – 20-дан топтанып үйір құрады. Пржевальский жылқысы кішкентай болғанымен өте күшті.
Қорықтар мен зообақтар жылқының түрін сақтап қалу және көбейту жұмыстарымен айналысады.
Өмір сүру ұзақтығы: 25-30 жылға жуық.