Шымкент
мемлекеттік зоологиялық саябағы
Шымкент
зоосаябағы
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
ZooLogo  09:00 - 20:00
ZooLogo 09:00 - 18:00

Тіліңізді таңдаңыз

bars

Ак бауырды кірпі

Класс: Түнгі әлем
Отряды: Жәндік қоректілер
Тұқымдасы: Кірпілер

Ақ бауырды кірпі кірпілер тұқымдасының сүтқоректі жануары. Бұл Оңтүстік кірпінің ең жақын туысы болып келеді. 
Кірпілердің салмағы 600гр – 1000 грамға дейін жетуі мүмкін. Денесінің ұзындығы 23 – 35 сантиметр аралығында болады. Барлық кірпілердің бауырынан басқа жерлерін тікенек (ине) басқан. Бір кірпінің терісінде 7 мыңнан 10 мыңға дейін ине болады. Иненің өсу уақыты бір жыл. Әрбір 3 жыл сайын инелері түсіп, жаңарып отырады. Қауіпті жағдай бола қалса, олар домаланып жата қалады. Сөйтіп оны инелері жауынан қорғайды. Кірпінің аяқтары бес саусақты. Үстіңгі күрек тістері ірі, азу тіске ұқсас. Тері асты бұлшық еттері, әсіресе сақина бұлшық еттері жақсы жетілген. Осы бұлшық еттері арқылы кірпінің денесі жиырылып, шар тәрізді болып қалады.
Кірпілер орманда, бұта арасында, бау-бақшада, тіпті елді мекендерде тіршілік ете береді. Індерін аса терең етпей өздері қазып алады. Азығын түнде аулайды. Ұсақ жәндіктермен, көлбақамен, жыланмен қоректеніп, орман шаруашылығына пайдасын келтіреді. Сондай-ақ олар алма, алмұрт сияқты жемістерді де жақсы көреді. Қараша айында ұйқыға кетеді де, көктемде күн жылынысымен оянады. Жазғы уақытта қажетті май қорын жинай алмаса, қысқы ұйқы кезінде аштықтан өліп қалуы мүмкін. Ұйықтап жатқанда оның жүрегі минутына 20-60 рет қана, ал қалған кезде 180 рет соғады. 
Өмір сүру ұзақтығы: 5-8 жылға жуық. 

Copyright MAXXmarketing GmbH
JoomShopping Download & Support
close