Тіршілік ету ортасы: шөлдерден жаңбырлы ормандарға дейін.
Қоректенуі: шөптесін өсімдіктер.
Сұр кенгуру Аустралиядағы кенгурудың ең көп таралған түрі болып табылады.
Басы –кішкентай. Алдыңғы аяқтары –қысқа. Артқы аяқтары ұзын. Бұлшық еттері мықты табандары секіріп жүруге бейімделген. Ұзын құйрығы тепе-теңдікті сақтап тұрады. Денесінің ұзындығы 1,3-1,6 метр және құйрығы 0,6-1,05 метр. Кенгурулар-секіруді қозғалыс тәсілі ретінде пайдаланатын бірден-бір ірі жануар. Сұр кенгуру сағатына 64 шақырым жылдамдықпен жүреді. Баяу жүрген кезде кенгуру құйрығын қосымша аяқ ретінде қолданады. Сұр кенгуру - түнгі жануар. Күндіз ол тегіс, ашық жерде демалуды жөн көреді. Кеш батқанда кенгурулар өз азықтарын іздеп шығады. Олар шөпқоректі жануар. Бұл жануарлардың алдыңғы табандары адамның қолына ұқсас келеді, епті аяқтарының көмегімен жануарлар өз азықтарын оңай қазып алады. Олар негізінен жасыл шөптермен, бұталардың жас өскіндерімен және басқа да өсімдіктермен қоректенеді.
Кенгурулар - керемет секіргіштер. Олар 9-12 метрге дейінгі қашықтыққа және 2,5-3,3 метр биіктікке секіре алады.
Біздің зоосаябақ коллекциясы экзотикалық жануарлармен толықты, Еуро-Азиялық Аймақтық зообақтар мен аквариумдар ассоциациясының (ЕАРАЗА)
аясында бізге Израильден сұр кенгурулар әкелінді.
Зоосаябақ қызметкерлері оларды Кай және Герда деп атады, жануарлар біздің климатқа, жаңа қоршауға және оларға қамқорлық жасайтын қызметкерлерге біртіндеп бейімделуде.
Орташа өмір сүру ұзақтығы 15-20 жылға жуық