Шымкент
мемлекеттік зоологиялық саябағы
Шымкент
зоосаябағы
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
ZooLogo  09:00 - 20:00
ZooLogo 09:00 - 18:00

Тіліңізді таңдаңыз

bars

Зообақ аумағында мемлекеттік және ғылыми құндылығы жоғары жабайы жан-жануарлардың көптеген түрлері бар. Аңдардың көбісі көрермендер үшін қауіпті. Жан-жануарлардың тыныштығын сақтау мен көрермендерге келеңсіз жағдай тудырмас үшін, зообақ аумағында қатаң тиым салында.
-жан-жануарларды азықтандыруға, ызаландыруға және үркітуге болмайды.
-жан-жануар тұрған жайға түрлі заттарды, тамақ қалдықтарын, балалар ойыншықтарын және т.б. заттарды лақтыруға болмайды.
-барьерден өтуге немесе асып түсуге, аңдар тұратын қоршауға және құрылыс жүріп жатқан аймаққа кіруге тиым салынды.
-жан-жануарлар тұратын қоршаудан және тордан қол аяқты кіргізуге,сонымен қатар заттарды (қолшатыр, сөмке таяқ және т.б) жан-жануарларға қарай созуға болмайды.
-барьерге, шектеулі орындарға, жан-жануарлар тұрған жердің айналасына балаларды отырғызуға болмайды.
-балаларды, әсіресе кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға және зообақ аумағында орналасқан жан-жануарларды өздігінен аралауға рұқсат беруге болмайды.
-өздерімен бірге зообақ аумағына үй жануарларын алып келуге болмайды.
-жан-жануарларды күтіп-бағушы қызметкерлерді әңгімеге тартып, жұмысынан алаңдатуға. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды әкімшілікке, демалыс күндері кезекші қою арқылы алуыңызға болады. 
-зообақ аумағында музыкалық аспапты ойнатуға, ән салуға, дыбыс ұлғайтқыш құралдарды қолдануға, спирттік сусындар ішуге, рұқсат етілмеген орынға темекі шегуге болмайды. 
-газонды басуға, демалуға отырғызған жасыл бұталарды сындыруға, гүлдерді және ағаштардың жемістерін, жидек бұтақтарын жұлуға болмайды.
--кез-келген кәсіптік фототүсірілімдер мен видеотүсірілімдерді зообақ әкімшілігінің рұқсатынсыз түсіруге болмайды.
Түсінбестік туындаған жағдайда, жазатайым жағдай орын алғанда, бала жоғалғанда, кезекшіге немесе  зообақ әкімшілігіне хабарласу қажет. Осы ережелерді бұзуға жол берген жеке тұлға әкімшілік және қоғамдық жауапқа тартылады. 

 

close