Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы
Шымкент зообағы 1979-1981 жылдары қазақтың біртуар ұлы Социалистік Еңбек ері, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Асанбай Асқарұлы Асқаровтың жеке бастамасымен, әрі тікелей басшылығымен ескі карьердің орнындахалықтық құрылыс тәсілімен тұрғызылған.Бұл құрылыс жұмыстарына54 мекемелер мен кәсіпорындар қатысқан.
Бұл Қазақстан облыс орталығының мәдениет өміріндегі ең ірі басты оқиға,біздің қаламыз Шымкентте болды.
Қаланың елсіз жатқан шеті, бұрынғы тақауыл, көпшілік коллективтің жігерлі еңбегінің арқасында, аз уақыт ішінде тамаша алқап- қалашыққа яғни жануарлар мекеніне айналды.
Зообақ 1980 жылы 19- сәуір күні ашылды. Алғашқы кезде коллекцияда 75 аңның түрі, 350 данасы болды.Зообақ ашылғаннан бастап жануарлар коллекциясы көбейе түсті.
Қазіргі таңда зообақ коллекциясында 194 түр жан-жануарлардың 2002 басы бар.
Зообақта жыл сайын теңбіл бұғылар арқарлар, понилар, еуропалық кербұғылар, қырғауылдар, үйректер, жолбарысты питондар, арыстандар және тағы да басқадай жануарлардың түрлері көбеюде.
Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы 2010 жылдың шілде айында ЕАРАЗА-ға қайта мүшелікке енді.
Шымкент мемлекеттік зообағының басты мақсаты сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жабайы аңдарды асырау, оларды көбейтіп табиғатқа қайта жіберу және ғылыми – зерттеу жұмысы, сонымен қатар қызметкерлер келушілерге аңдар туралы лекциялар оқып, экскурсия жасайды. Жыл сайын ғылыми жұмыстар Қазақстан мен ТМД елдерінің журналдарында жарық көрді. Зообақта жыл бойына мектеп оқушылары мен биология және экология факультеттерінің студенттеріне арнап лекциялар, ғылыми консультациялар және өндірістік, диплом алдыңдағы тәжірибелер өткізіледі.
Негізгі жұмыс түрі
— Экспозициялық және ғылыми – ағарту жұмыстары;
— Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан аңдарды көбейту;
— Балалардың демалысын ұйымдастыру;
— Көрмелер ұйымдастыру;
— Аңдар мен алмасуды іске асыру;
Зообаққа тиесілі жер учаскелері, аңдар, ғимараттар, мемлекеттік меншік болып табылады. Зообақ осының барлығының амандығына, дұрыс қолданылуына жауапты.
Негізгі мақсаты мен қызметі
- Жабайы аңдардың жинағын қалың бұқараға кеңінен көрсету;
- Ғылыми зерттеу жұмыстарын, аңдардың зоология және этология бойынша жүргізу;
- Келушілер үшін жақсы демалысқа жағдай жасау;
- Басқа қалалардан және шетелдерден әкелінетін аңдардың коммерциялық емес жолмен алмасу, басқа зообақтарымен немесе фермалармен келісім жасау.