Зообақ келушілерінің өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері
Құрметті зообақ көрермендері!
Зообақ аумағында мемлекеттік және ғылыми құндылығы жоғары жабайы жан-жануарлардың көптеген түрлері бар. Аңдардың көбісі көрермендер үшін қауіпті. Жан-жануарлардың тыныштығын сақтау мен көрермендерге келеңсіз жағдай тудырмас үшін, зообақ аумағында қатаң тиым салынады:
- Жан-жануарларды азықтандыруға, ызаландыруға және үркітуге;
- Жан-жануарлар тұрған жайға түрлі заттарды, тамақ қалдықтарын, балалар ойыншықтарын және т.б. заттарды лақтыруға;
- Барьерден өтуге немесе асып түсуге, аңдар тұратын қоршауға және құрылыс жүріп жатқан аймаққа кіруге;
- Жан-жануарлар тұратын қоршаудан және тордан қол-аяқты кіргізуге, сонымен қатар заттарды (қолшатыр, сөмке, таяқ және т.б.) жан-жануарларға қарай созуға;
- Барьерге, шектеулі орындарға, жан-жануарлар тұрған жердің айналасына балаларды отырғызуға;
- Балаларды, әсіресе кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға және зообақ аумағында орналасқан жан-жануарларды өздігінен аралауға рұқсат беруге;
- Өздерімен бірге үй жануарларын алып келуге;
- Жан-жануарларды күтіп-бағушы қызметкерлерді әңгімеге тартып, жұмысынан алаңдатуға. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды әкімшілікке, демалыс күндері кезекші қою арқылы алуыңызға болады.
- Зообақ аумағында музыкалық аспапты ойнатуға, ән салуға, дыбыс ұлғайтқыш құралдарды қолдануға, спирттік сусындар ішуге, рұқсат етілмеген жерге темекі тартуға;
- Зообақ аумағында өздеріңіз және балаларыңыздың қауіпсіздігін сақтау үшін шайтан арбамен (велосипед) және гироскутермен кіруге қатаң тиым салынады;
- Газонды басуға, демалуға, отырғызған жасыл бұталарды сындыруға, гүлдерді және ағаштардың жемістерін, жидек бұтақтарын жұлуға;
- Бау-бақ құрал саймандарын өздігінен рұқсатсыз алуға және орын ауыстыруға;
- Кезкелген кәсіптік фототүсірілімдер мен видеотүсірілімдерді зообақ әкімшілігінің рұқсатынсыз түсіруге;
Түсінбестік туындаған жағдайда, жазатайым жағдай туындағанда, бала жоғалғанда, кезекшіге немесе зообақ әкімшілігіне хабарласу керек:
- Осы ережелерді бұзуға жол берген жеке тұлға әкімшілік және қоғамдық жауапқа тартылады.
Зообақ әкімшілігі