Сипаттамасы: Сервал сүтқоректілер класының жыртқыштар отряды, мысықтар тұқымдасына жататын жабайы мысық. Денесінің ұзындығы 90-135 см, құйрығының ұзындығы 40 см. Иығына дейінгі шоқтығы 40-65 см. Салмағы 9-20 келі. Басы кішкентай. Сервал тұқымдастарының арасында ең ұзын сирақты және құлағы ең үлкені. Солақша боп біткен ұзын құлақтары бір-біріне өте жақын орналасқан. Әр сервалдың тек өзіне ғана тән теңбілі болады.
Терісінің түсі әр алуан: көбінесе қара немесе қызыл-қоңыр теңбіл дақтары мен жолақтары болады. Аталығымен салыстырғанда аналығының денесіндегі теңбіл дақтары едәуір кіші, сепкіл тәрізді.
Сервалдар Африка саванналарының бәрінде тіршілік етеді. Сервалдардың етпен қоректенеді. Қояндармен, көртышқандармен, борша тиіндермен, егеуқұйрықтармен, құрбақалармен, қоқиқаздармен, түрлі құстармен қоректенеді. Сервал жемтігін бірден ұстай алмаса, артынан қалмай жүре береді. Дегеніне жетіп, жемтікті қолына түсірген кезде, алдымен әбден құмары қанғанша умаждап ойнап алады, сосын ғана барып жейді.
Өмір сүру ұзақтығы: 12-20 жыл аралығы.