Таралуы: Оңтүстік Африка.
Аң патшасы – арыстан. Ол құрлықтағы жыртқыш аңдардың ең ірісі әрі ең мықтысы саналады. Олар Австралия мен Антарктика дан басқа әлемнің барлық жерінде кездеседі. Барлық мысық тұқымдастардың ішіндегі ең танымалы – арыстандар. Аталық арыстандардың басқа жануарлардан айырмашылығы – олардың мойындарын айнала өсетін жалы болады. Олардың мойнындағы жалы шайқас кезінде зақым алудан қорғап тұрады. Ал, аналықтарында өспейді.
Арыстанның көзі түнде өте жақсы көреді. Тіпті түнгі көріністі адамнан 4 есе анық көре алады. Арыстандардың тырнақтары 10 см, аналықтарында 8 см-дей болады. Өте өткір, әрі мықты жаратылған. Арыстан мысық тұқымдылардың ішіндегі топпен, яғни, праидпен өмір сүретін жалғыз жануар. Әр праидта 1-2, арасында 3 еркек арыстан, 10-15 аналық арыстан болады. Праидты еркек арыстан басқарады және әр праидтың мекендейтін жерлері, шекарасы болады. Арыстан ұсақ жануарларды да, ірі жануарларды да аулайды. Аналықтар арыстандар көбіне аң аулаумен айналысса, еркектері көбіне шекараны күзетеді. Аналық арыстандар топпен жүріп аң аулайды. Арыстан күркіреп ақырған кезде дауысы 8 шақырымға дейін естіледі. Арыстан салмағының ауырлығына қарамастан, жылдам жүгіреді. Аналық арыстандар 80 км/сағ жылдамдықпен, ал, еркек арыстандар 60-70 км/сағ жылдамдықпен жүгіреді. Буаз болу уақыты 105-112 күн. Дүниеге 2-5 аландарды дүниеге әкеледі.
Өмір сүру ұзақтығы: 20-25 жылға жуық.