Таралуы: Солтүстік орталық Африка бөлігінің аймақтарында, оңтүстік бөлігі Мавританиямен Гвиней, батысы Эфиопияға дейін, солтүстік-батысы Сомали, солтүстік-шығысы Кения мен Уганданға дейін.
Абиссиндік мүйізді қарға өз тұқымдасының, яғни мүйізтұмсықтылардың ең ірі өкілдерінің бірі. Біздің зообақта бір аталық абиссиндік мүйізді қарға өмір сүреді. Бұл түр зообақтарда сирек көбейеді. Абиссиндік мүйізді қарғаның көздері үлкен, кірпіктері қалың, қара түсті болып келеді.
Қазіргі таңда бұл құстардың тек екі түрі бар: Абиссиндік және Кафрлік қарғалар.
-Мүйізді қарғалар тұқымдасының өкілдері жоғары интеллектімен ерекшеленеді.
-Құстардың көздерін шаң – тозаңнан қорғайтын қалың және ұзын кірпіктері бар.
-мүйізді қарғалардың қарқылы бірнеше шақырымнан естіледі.
- Бұл ерекше құстар адамнан қорықпайды, олар батыл жақындап, адамның көздеріне тіке қарай алады.
Өмір сүру ұзақтығы 30-35 жыл.