Таралуы: Жапонияның солтүстігіндегі ормандарда мекендейді. Жапон аралдарындағы жалғыз примат өкілі.
Мекендейтін жері: таулы жерлер.
Сипаттамасы: Макакалар – біздің планетамызда кездесетін адамнан кейінгі ең көп тараған приматтар. Оларды Африканың солтүстігінен Жапонияға дейінгі алқапта кездестіруге болады. Бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін олар әртүрлі дыбыстарды, ым-ишараны, мимиканы пайдаланады. Олар әдемі жүзеді және сүңгиді. Аталығы көбінесе ұрпақты күтуге қатысады.
Жапондық макак Қар маймылы деп те аталады, жапондық макактар өте суық температурасы -15 С дейін климаттарда өмір сүреді. Олар жылыну үшін ыстық су бұлақтарында шомылады, тіпті бірнеше сағат бойы сол судың ішінде болады.
Өмір сүру уақыты: шамамен 30 жылға жуық.