Таралуы: Ираннан Оңтүстік-Шығыс Азияға, Тайванға, Солтүстік Қытайға, Приморьеге, Жапонияға.
Тіршілік ету ортасы: қоңыржай ормандарда, субтропиктер мен тропиктерде мекен етеді.
Өлшемі: дене ұзындығы 1,2-1,9 м, аталықтардың салмағы 60-200 кг.
Сипаттамасы: Аюлар – мығым аяқты, қысқа құйрықты және ұзын тұмсықты алып сүтқоректілер. Олардың денесін сабалақ жүнді тері қаптап жатады. Аюлар тау, орман, тіпті арктикалық аймақтар сияқты түрлі орталарда кездеседі. Олар Африка, Антарктида және Австралиядан басқа барлық құрлықта мекендейді. Гималай аюының қалың қара жүні және кеудесінде әдемі ақ жағасы бар. Өздерінің ауыр денелеріне қарамастан, аюлар өте жақсы өрмелеп, жүгіреді. Олар сағатына 55 км-дей жылдамдықпен зымырап жүгіре алады. Олар жемістерді алу үшін немесе жауларынан құтылу үшін ағаштарға өрмелеп шығады.
Қоректенуі: Аюлар етпен қоректенетін жыртқыш аң болғанымен, жемістерді де жей береді. Кейбір аюлар өлген жануарлардың қалдықтарымен де қоректенеді. Аюлар қынамен, тамырлармен, жаңғақтармен, жемісжидектермен, теңіз балдырларымен, шөптермен, балмен, құрттармен, қырықбуындармен және құмырсқалармен қоректенеді.
Жүктілік кезеңі 6-8 ай. Аналығы бір не екі қонжық дүниеге әкеледі.
Өмір сүру ұзақтығы: 25 жылға жуық.