Су әлемінің тіршілік иелері балықтың сан алуан түрі бар. Солардың ішінде ерекшесі – үлкен көзді хвостокол. Скаттар жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар.
Ал ең қызығы скаттардың шырыш пен уға толы тікенегі бар. Оны қорғаныс үшін қолданатын қорқынышты қаруы, яғни тікенегі қарсыласын өлімге әкелуі де мүмкін. Скаттар жұмыртқалы болып келеді. Жүктілік мерзімі 3-4 айға созылады. Бұл ретте аналық 21-ге дейін төл дүниеге әкеледі. Жаңа туылған скаттар толығымен қалыптасып, тәуелсіз өмірге дайын болады. Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) «деректерге тапшы» санатына жатады.
Ежелгі гректер скаттың жотасынан алған уды анестезиологиялық дәрі ретінде қолданған. Скат кеуде қанаттарын кеңінен жазып жіберіп, толқын тәрізді қимылмен жүзеді.
Өмір сүру ұзақтығы туралы нақты деректер жоқ, бірақ шамамен 15 жыл деп есептеледі.