Құрметті достар!
Бүгін сіздерді зообағымыздың келесі жануарымен таныстыратын боламыз.
Кинкажу Оңтүстік және Орталық Американың тұрғыны, ылғалды және құрғақ тропикалық ормандарды жақсы көреді.
Кинкажу жанат тұқымдасының басқа өкілдері сияқты, бәрін жейтін жануарлар. Үнді тілінен аударғанда «кинкажу» бал мен гүл шырынына деген сүйіспеншілігіне байланысты «гүл аюы» дегенді білдіреді.
Олардың азығы негізі - тропикалық жемістер. Өсімдік тағамдарынан басқа, кинкажу омыртқасыздармен, құстар және оның жұмыртқаларымен, бауырымен жорғалаушылармен, ұсақ сүтқоректілерді жей алады.
Бұл жануарлардың құйрығы «бесінші табан» қызметін атқарады: кинканжудың құйрығы өте икемді және бірінші кезекте жылдам қозғалғанда тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ төңкеріліп ілінгенде бұтақтарды сенімді ұстауға арналған. Ұйқыға кеткен кинкажу дене температурасы 2-3 градусқа төмендейді, сондықтан олар доп сияқты оралып жатып, құйрығының көмегімен жылынып, оған оранып, жатады.
Кинкажудың аузында, мойнында және ішінде иіс бездері бар, олардың көмегімен олар аумақты белгілеп, өткен жолда із қалдырады.
Сіздерді «гүл аюуымен» таныстыруға шақырамыз!
Біз күнделікті 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасаймыз!