Түйе шөлді тұзды аймаққа жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын жануар. Түйе сырт бейнесіне қарай айыр өркешті (дромедар) және сыңар өркешті (бактриан) деп бөлінеді. Денесінің ұзындығы 2,3 – 3,4 м-дей, биіктігі 1,8 – 2,3 м. Жон арқасында бір ғана өркеші болады, түгі қысқа және ашық қоңырқай түсті. Құрғақшылыққа, ыстыққа өте төзімді жануар. Алдыңғы аяқтарының табаны тұтасып кеткен. Құйрығы біршама ұзын. Мойыны иіліп келген, көздері үлкен, қабақтары қалың, құлақтары шағын. Танау тесігі саңылау пішінді. Үстіңгі ерні екі айырланып келген. Өте жақсы жүгіретін жануар.
Өмір сүру ұзақтығы: 35 жылға жуық.