Шымкент
мемлекеттік зоологиялық саябағы
Шымкент
зоосаябағы
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
ZooLogo  09:00 - 20:00
ZooLogo 09:00 - 18:00

Тіліңізді таңдаңыз

bars

Ақтырнақты аю тянь шань

Класс: Жыртқыш аңдар
Отряды: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Аюлар

Аюлар Тянь-Шань және Памир тауларында мекен етеді. Денесінің ұзындығы бір жарым метрге дейін, ал салмағы 300 кг-ға дейін жетеді. Сирек, бірақ ірі аюлар  да кездеседі. Тянь-Шань аюының басты ерекшелігі - алдыңғы табанының ұзын ақшыл тырнақтары. Оның артқы табандарының тырнағы қою қоңыр келеді. Негізінен құрлықта тіршілік етеді, суда жақсы жүзеді, ағашқа да өрмелей алады. Үш жасында жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы өздері жасаған апанында екі жылда бір рет балалайды. Мамыр – маусымда ұйығып, қаңтар – ақпан айларында аналығы екі қонжық туады. Оларды төрт айдай емізеді. Қонжықтары аналарымен бір жылдай бірге жүреді. Қазанның ортасынан сәуірдің ортасына дейін қысқы ұйқыға кетеді. Қалған уақытта белсенді тіршілік етеді. Тянь-Шань қоңыр аюы барлық азық түрімен қоректенеді. Ол әртүрлі тамырлар, жидектер (тіпті құрғақ болса да), түрлі шөптер және өсімдік пияздарын жейді. Ал жазда жеміс-жидек жегенді ұнатады. Кейде оның азығы суырлар, ұсақ кеміргіштер, тіпті жәндіктер де болып табылады. Тянь-Шань аюы ақуыз тағамынан гөрі өсімдік тағамдарын жақсы көреді.
Өмір сүру ұзақтығы: 15-40 жылға жуық.

Copyright MAXXmarketing GmbH
JoomShopping Download & Support
close