Құндыз кеміргіштерден сыртқы түрі бойынша ерекшеленеді, олар егеуқұйрықтарға ұқсайды, бірақ егеуқұйрықтарға қарағанда үлкен дене ұзындығы 50–60 см, құйрығы 40–45 см.Аталықтары аналықтарынан сәл үлкенірек. Құндыздың салмағы 5-тен 12 кг-ға дейін. Алдыңғы тістері ашық сары түсті және барлық кеміргіштер сияқты өмір бойы үздіксіз өсіп өткірленіп тұрады.
Тіршілігінің көбі суда өтетіндіктен дене пішіні соған бейімделген. Денесі ұршықша жұмырланып келген, басы біршама кішілеу, мойны айқын байқалмайды, түксіз жалпақтау келген денесінің артқы бөлігі ескектәрізді құйрыққа жалғасады. Аяқтары қысқа. Қауіп төнгенде кұйрығымен суды ұрғылап, баскаларға хабар береді. Тез жүзуге, сүңгуге де бейім. Жылтыр әрі тығыз орналасқан түгінің су өткізбейтін қасиеті бар. Судан шығып сілкінгенде тез құрғайды. Тырнактары ірі жалпақ, артқы аяқтарының екінші бармағының тырнағы қақ айрылған (түгін тарауға бейімделген). Жүні калың, жұмсақ, ашық-қоңырдан қара-қоңырға дейін өзгереді.
Өмір сүру ұзақтығы: 7-8 жылға жуық.