Түйе – көшпелі қазақ халқы үшін жылқыдан кейінгі тіршілік үшін мәні зор, көшуге де, мінуге де қолайлы, еті мен сүті құнарлы азық, жүні киім-бұйым жасауға аса қажет төрт түліктің бірі.
Қос өркешті түйе өте ірі жануарлар биіктігі 2 метрден асады және 2,3 метрге жетуі мүмкін, өркештері бар денесінің биіктігі 2,7 м-ге дейін жетеді.Ересек аталық түйенің орташа салмағы шамамен 500 кг, бірақ кейде 800 және тіпті 1000 кг-ға дейін жетеді. Айыр (қос өркешті) түйе — сірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Екі өркеші бір-біріне жаналас, арасына екі кісі еркін орналаса алатындай алшақ орналасқан. Негізгі мекендеген ортасына қарай Қазақстандық, Моңғолиялық, Астрахандық (қашақа), Орта Азиялық, т.б. болып бөлінеді. Бұлардың ішінде кең тарағаны қазақстаңдық қос өркешті түйе - қазақы бактриан. Қазақстанда өсірілетін түйенің 95 пайызын құрайды. Өте жүндес, шудалы болғандықтан, суыққа төзімді, шөлейт, қуаң далалы өңірде өсіруге жақсы бейімделген. Құрғақшылыққа, ыстыққа өте төзімді жануар. Жақсы жүгіреді.
Өмір сүру ұзақтығы: 35 жылға жуық.