Ақиықты бүркіт сұңқар тәрізді ірі құс. Өте үлкен құс, қанатының ұзындығы 57-68 см, жалпы ұзындығы 105-112 см, салмағы 7,5-9 кг. Аталықтары мен аналықтары бірдей түске боялған. Ересегінің түсі қара қоңыр, иығында ақ дағы болады. Балапан кезінде түсі бірыңғай ақ түс.
Бүркіттің аяғы төрт саусақты келеді. Олардың артқысын– тегеурін, ішкісін – жембасар, ортаңғысын – сығым, шеткісін шеңгел деп атайды.
Бүркіт – сұңқар тәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын, оның ең ірісі және бірбеткейі саналатын жыртқыш құс. Қазақ халқы оны жеті қазынаның бірі санап, кие тұтқан. Қазіргі Көк байрағымызда да күн астында қанатын кеңге жайған қыран бейнеленген.
Камчаткада, Сахалин мен Корей елдерінде кеңінен таралған. Жерден биік тұрған ағаштарда бірнеше жыл қатарынан бір жерде ұя салады. Ұясында 1-3 жұмыртқа басады. Ақ иықты қыран ірі және орташа көлемді балықпен, сүтқоректілермен (қоян, жас құс, жас итбалықтармен), өлекселермен де азықтанады.
Өмір сүру ұзақтығы:18-20 жыл