Қабылан жануарлардың мысықтартәрізділер түріне жататын ең әдемі және сымбатты аңдардың бірі.
Таралуы: Қазіргі уақытта жер бетінде қабыландардың шамамен 27 тұқымдасы бар. Ресейдің Қиыр - Шығысының оңтүстігінде, Солтүстік-Шығыс Қытайда және Корей түбегінде таралған.
Қиыр-шығыстық қабылан Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген жануар. Қабландар биік шөптердің арасына жасырынып, тұяқтылармен бөкен, киік, қоян, құс сияқты жануарларды аулайды. Олжасын қуып жету үшін сағатына 112 км жылдамдықпен жүгіре алады. Қорегін, көбіне түнде аулайды. Ауланған азық ағаш басына апарып жейді. Уақытының көп бөлігін ағаш басында өткізеді. Қабыландар кейде аңдарын жалғыз аулайды, кейде топтасып аулайды. Жалғыз өмір сүру салтын ұстанады. Жүктілік уақыты шамамен 90-100 күн. 1-4 күшік дүниеге әкеледі. Денесі созылыңқы, аяқтары қысқа әрі мықты. Дене тұрқының ұзындығы 107 — 180, құйрығының ұзындығы 75 — 110 см. Тығыз, жұмсақ сары немесе қызғылт жүнінің үстінде қара дақтары болады.
Біздің зообақта Қиыр- Шығыс қабыланы мекен етеді, лақап аты «Амур». Оны Комсомольск - Амур қаласынан әкелінді. Ол қазіргі таңда 1 жаста.
Өмір сүру ұзақтығы: 15-20 жылға жуық.