Қазақстанда екі түрі кездеседі бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Салмағы 9-12 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары, ал көбейетін кезде қызғылт сары түске айналады. Аяқтары қысқа, қанаттары ұзын (60 – 80 см) және жалпақ, ал қауырсындары күміс түсті болып келеді. Бұйра бірқазанның желке қауырсыны жалды, бұйра болып келеді, атауы да осыған сәйкес қойылған. Бірқазан топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне суқұзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенімен, сүңги алмайды, жемтігін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бұйра бірқазандар балықтармен қоректенеді.
Өмір сүру ұзақтығы: 20-25 жылға жуық.