Тауыс құсы біздің зоосаябағымыздағы ең көрікті және әдемі құстарымыздың бірі. Құйрығының сұлулығы мен жарқыраған қауырсынының арқасында тауыс құсы бүкіл әлемде ұлылықтың эталоны ретінде танылды.
Біз аузымыздың суы құрып, тамсана тамашалайтынымыз құйрығы емес, оның қауырсыны. Оның құйрығы қысқа, 40-50 см болады. ал қауырсыны 2 метрге дейін жетеді. дене тұрқы 100-125 см.
Қауырсынының тағы бір ерекшелігі өзге құстармен байланыс орнату. Қауырсынын козғаған кезде адамға естілмейтін инфрадыбыс шығады. Біздің құлағымызға жапырақ сыбдырындай боп естілуі мүмкін. Негізінде жиілігі 20 Гц дейін жетеді. Бұл сұлудың бір ғана кемшілігі – мысықтың мияулағанындай ащы дауысы. Әсіресе, жаңбыр жауар алдында ерекше дыбыстайды.
Мұндай үлкен әрі ұзын қауырсынды көтеріп жүру қиын секілді көрінеді. Бірақ бәрі біз ойлағандай емес. Ол мұнымен оп-оңай жүгіреді, тіпті ұша алады.
Тауыстар өте сақ құс. Олар жауының жақындағанын, ауа райының бұзылатынын да мерзімінен бұрын біледі. Осындайда қауырсыны жауынан қорғанатын қызмет те атқарады. Қауіпті сезсе, бірден қанатын жаяды.
Тауыс алғаш рет Үндістанда қолға үйретілген. Қазір осы елдің нышаны тауыс саналады. Ол тәкаппарлық, сұлулық белгісі ретінде де қабылданды.
Өмір сүру ұзақтығы: 20 жылға жуық.