Қорегі: Азық-түлік негізі жемістерден тұрады, сонымен қатар жапырақтарды, гүлдерді, шөптесін өсімдіктерді, кактустарды және кейде жәндіктермен азықтанады.
Лемур - тірі табиғаттың таңғажайып жаратылысы.
Лемурлар — төменгі сатыдағы (жартылай) маймылдар отряды тармағының бір тұқымдасы. Денесінің ұзындығы 38 — 45 см, құйрығының ұзындығы 55 — 62 см, түсі ақ-қара жолақты. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын. Артқы аяғының екінші саусағындағы тырнағының ұшы үшкірлеу, сол арқылы түгін тарайды. Бірінші саусағы (басбармағы) басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан, секіру кезінде тепе-теңдік сақтайды.
Лемурлардың көпшілігі түнде белсенді тіршілік етеді, күндіз ағаштың қуыстарына тығылып жатады. Өте сақ жануар. Лемурдың саны жылдан жылға азайып келеді. Қазіргі кезде олардың 4 туысының 16 түрі тіршілік етеді, олардың бәрі Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
Олар жемістермен, жапырақтармен, көкеністермен, жемістермен, гүлдермен, жәндіктермен қоректенеді. Олар топтасып өмір сүреді, топта 5-25 бас болады. Жүктілік уақыты шамамен 130-135 күн. Дүниеге 1-2 төл әкеледі.