Қасқыр сүтқоректілер класының ит тұқымдастар тобына жататын жыртқыш аң. Қасқыр-ит тұқымдастардың ішіндегі ірісі. Қасқырлардың дене тұрқы және тері жүнінің реңімен ерекшеленетін 32 түрі бар. Сұр қасқыр-ең көп тараған түрі. Ол негізінен Солтүстік жарты шарда тіршілік етеді. Салқын климатты аймақтағы қасқырлар жылы климатты аймақтың қасқырларынан анағұрлым ірі болады. Қасқырлар бір-бірімен түрлі дене қимылдары арқылы «сөйлеседі» Мысалы, олардың арқасын сәл игені немесе күжірейткені әртүрлі көңіл күйді білдірсе, жерге жата қалып аунағаны біреуге бағынғандығын білдіреді. Қасқырлар кез келген табиғи ортаға тез үйреніп кетеді. Буаздық мерзімі 62-75 күн. салмағы шамамен 0,5 кг болатын 3-тен 13-ке дейін бөлтіріктерді дүниеге әкеледі. Өмірінің алғашқы апталарында олар інінен шықпайды, 10-15 күнде көздерін аша бастайды.Қасқырлардың шағын ұялас, тобын – «әуек», әуек басшысын «абадан» деп атайды. Қасқырдың құйрығы ұзын әрі жуан болады. Иттің құйрығынан айырмашылығы-үнемі төмен салбырап тұрады. Көктемнің аяғында немесе жаздың басында ұлпа жүні түлеп, уыс-уыс болып түседі. Орман қасқырлары сұр қоңыр, тундра қасқырлары –ақ, шөл және шөлейт қасқырлары қызғылтым сұр, тау қасқырлары ашық сары болады. Қасқырлардың дыбыс диапозоны алуан түрлі. Олар ұлиды, қыңсылдайды, ырылдайды, үреді, шәуілдейді, арсылдайды.
Өмір сүру ұзақтығы: 10 жылға жуық.