Шымкент
мемлекеттік зоологиялық саябағы
Шымкент
зоосаябағы
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
ZooLogo  09:00 - 20:00
ZooLogo 09:00 - 18:00

Тіліңізді таңдаңыз

bars

Оңтүстік – Африкалық керік

Класс: Тұяқтылар
Отряды: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Жирафовые

Біздің зоосаябақта «Астана» атты оңтүстік- африкалық керік мекен етеді.
«Астана» - зоосаябақ  келушілерінің сүйікті жануары, бұл жануарға адамдар
үлкен қызығушылықпен қарайды, әсіресе балалар.
 Аталық керіктің салмағы әдетте бір тоннаға жуық, ал аналығы 600 кг-ға жуық. Керіктер сиырлар сияқты күйіс қайыратын жануар. Олар өте төзімді: олар бірнеше ай бойы сусыз өмір сүре алады.

Барлық сүтқоректілердің ішінде ең аз ұйықтайтын жануар – керік. Ол тәулігіне он минуттан екі сағатқа дейін, орташа есеппен алғанда керіктер күніне бар болғаны 2 сағат ұйықтайды екен.

Түнде керіктер жиі оянатын болғандықтан, олардың терең ұйқысы бар-жоғы 20 минутқа жалғасады. Сондықтан толықтай демалу үшін, жер бетіндегі ең биік жануарлар  күндіз шамалы қалғып алады екен.Түнде керіктер бастарын артқы аяқтарының төменгі жағына қою үшін мойындарын бұрып, жатып ұйықтайды. Айтпақшы, олар өте тез ұйқыға жатады – 15-20 секунд ішінде.

Жаңа туған керіктің биіктігі шамамен 2 метр, салмағы 60 кг-ға дейін жетеді. Керіктер тұрып төлдегендіктен бұзауы 2 метр биіктіктен құлап туады. Туылғаннан кейін бірден  аяғына тұрады. Ол бір жылдан астам (әдетте 13 ай) ана сүтімен қоректенеді, бірақ екі апталық жаста өз бетінше тамақтануға қабілетті. 
Керіктің жүрегі минутына 60 литр қан айдайды, салмағы 12 кг. Керіктің тілі 45 см-ге дейін жетеді, бұл ағаштан жапырақты жеуге көмектеседі.
Бұл жануардың көруі, естуі және иісі өте жақсы дамыған.
Керіктің неше мойын омыртқалары бар? 10-20? Жооооқ адамдар секілді  керіктеде 7-еу.
Өмір сүру ұзақтығы: табиғатта 6-10 жыл, зообақтарда 35 жылға дейін.

Copyright MAXXmarketing GmbH
JoomShopping Download & Support
close