Таралуы: Тибет, Кашмир, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан тауларында таралған.
Тәжік бұранда мүйізді текесі (мархур) – тау ешкілер тұқымдасына жататын тұяқты жануар. Бұл атау мүйізінің пішініне, яғни бұранда тәрізді бұралған мүйіздердің ұқсастығына байланысты аталған. Бұралған мүйіз тек аталықтарында ғана өседі, ал аналықтарының мүйіздері тіке өседі. Аталықтарының мүйіздерінің ұзындығы 1,5 метрге жетеді, ал аналықтары 20-30 см-ге дейін өседі. Бұранды мүйізді ешкілер 500 метрден 3500 метрге дейінгі биіктікте, шатқалдардың тік беткейлерінде, жартастар және жыраларда мекендейді,
Жаз мезгілінде мүйізді ешкілер негізінен шөптесін өсімдіктермен қоректенеді, көптеген тұяқты жануарлар сияқты дәнді дақылдарды да жақсы көреді, сонымен қатар бұталардың жапырақтары мен өсінділерін жейді. Денесінің ұзындығы 140-170 см, биіктігі 100 см-ге дейін. Аталықтары аналықтарға қарағанда едәуір үлкен, олардың салмағы 80-120 кг, аналықтары – 40-60 кг. Жылдың басым бөлігінде аталықтар мен аналықтар бөлек мекен етеді. Күз мезгілінде жұптасады. Жұптасу уақыты қарашаның ортасында басталып, қаңтарда аяқталады. Жүктілік кезеңі шамамен 5 айға созылады, 1-2 бас лақ дүниеге келеді. Тәжік бұранда мүйізді ешкілерді аулауға барлық жерде тыйым салынған, өйткені ол Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген
Бұранда мүйізді ешкілер 10-12 жылға жуық өмір сүреді.