Ересек алып көк тілді сцинк 43-48 см. дейін өседі, кейбір көк тілді сцинктер одан да үлкендеу болып келетіндері де бар.
Денесінің түсі сұр немесе сұр-қоңыр түске боялған, денесінің артқы жағында күңгірт-қоңыр жолақтары бар. Сцинктердің табандары қысқа, кішкентай, жұқа саусақтары бар. Алып көк тілді сцинктің басы жалпақ, пішіні үшбұрышты тәрізді. Сцинк күндіз белсенді, бірақ олар ыстықты жақсы көрмейді, сондықтан олар ыстықтан түрлі індерге жасырынады. Мысалы, басқа жануардың қуысын басып алып, тіпті жердегі жарыққа да шығуы мүмкін. Өз аумағын көк тілді сцинктер қатаң және агрессивті түрде күзетеді. Табиғаты бойынша көк тілді сцинктер жалғызбасты.
Олар тек көбею кезеңінде ғана жұп болып өмір сүреді. Егер сцинк қауіпті сезсе, ол дереу қорқыныштың қорғаныс позасын алып - денесін үрлеп, ысқырып, аузын кең ашып және көк тілін көрсетеді.
Сондай-ақ көк тілді сцинктер ағаштарға өте жақсы өрмелейді.
Сцинктер барлық қоректік жануар. Табиғатта олар әртүрлі омыртқасыз және ұсақ омыртқалы жануарлармен, өлекселермен, өсімдіктердің шырынды өскіндерімен, жемістермен қоректенеді. Зообақ жағдайында сцинктер ірі тарақандар, шегірткелер, ұлулар, құс жұмыртқалары, жаңа туған тышқандар, бақалармен, өсімдік қорегімен көкөніс пен жеміс, салат жапырақтары, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жаңа піскен жемістерімен қоректенеді.
Өмір сүру ұзақтығы: 15-20 жылға жуық.