Шибөрі ит тұқымдасына жататын жыртқыш сүт қоректі. Дене тұрқы 71 – 82 см, бойы 42 – 45 см, құйрығының ұзындығы 22 – 23 см, салмағы 7 – 10 кг, пішіні қасқырға ұқсас, бірақ одан екі есе кіші, түсі жирен сұрғылт. Шиебөрі өзен, көл бойындағы тоғайлы, қамысты жерді мекендейді, кейде шөлде, тау бауырында, елді мекенге жақын жерде де кездеседі. Жемін (қоян көжегі, тышқан, кесіртке, жылан, бақа, жәндіктермен, әр түрлі жеміс, қарбыз, қауын, т.б.) аулауға ымыртта шығады, кейде күндіз де қорек іздейді. Қаңтардың ортасынан ақпанның аяғына дейін ұйығады, 60 – 62 күннен кейін
4 – 6, кейде 8 күшік туады. Шибөрілер топ болып өмір сүреді. Бір үйір жұп және олардың балаларынан тұрады. Олар бірге тұрып, бірге шабуылға шығады. Әдетте, күндіз үңгірлерде немесе ағаш бұтақтарының арасындағы жапырақтардың астында жасырынып жатып, түнде қорек іздеп шығады. Шибөрілер күшіктерін жұбымен бірге өсіреді.
Өмір сүру ұзақтығы: 12-14 жылға жуық.