Кәдімгі немесе жасыл игуана 100% шөпқоректі болып табылады.
Тек күндізгі өмір салтын жүргізеді, өйткені олар түнде нашар көреді. Бірақ күндіз ол адамдардан да жақсы көреді, адамдардан айырмашылығы, игуана ультракүлгін сәулелерді ажырата алады.
Оның басының жоғарғы жағында үшінші көзі бар, ол нашар дамыған, тек қана кеңістікте жол табу үшін ғана қажет.
Жасыл игуананың есту қабілеті қоршаған орта температурасына байланысты. 37 градус температура игуана үшін өте қолайлы, егер ол өте ыстық немесе өте суық болса, оның есту қабілеті нашарлайды.
Игуана жауларын көргенде көптеген кесірткелер сияқты құйрығын лақтырып тастайды, содан кейін құйрығы қайтадан қалпына келеді.
Өзінің атауына қарамастан жасыл игуана тек жасыл ғана емес, сонымен қатар күлгін, қара, көк және тіпті қызғылт түсте болуы мүмкін.
Жасыл игуананың тұзды бездері бар. Осы бездер арқылы өсімдік тағамдарында көп мөлшерде кездесетін калий тұздарын шығарады.
Игуана ағаштарға жақсы өрмелейді, олар 15 метр биіктіктен құлап кетсе де, ештеңе болмайды. Олар өзен жағасындағы ағаштарға қоныстанады және жақсы жүзеді, тіпті жақсы сүңгиді.
Мексика мен Колумбияда игуана - ұлттық тағамның бірі.
Өмір сүру ұзақтығы: 8-20 жылға жуық.